Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғам белсенділерінің қаупі расталған жоқ – Тоқаев уақыт белдеуін өзгертуге қатысты ойын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президенттің айтуынша, үкімет мен парламент бұл мәселені жеткілікті түрде талқылаған. Алайда қоғам белсенділерінің қаупі мен күдігі расталмаған. 

“Енді бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталайын. Үкімет пен парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді. Шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ.

Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын. Оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ", – деді ол. 


Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуы: Зерттеу қорытындысы жарияланды


Еске сала кетсек, бұған дейін "AMANAT" Фракциясының мүшелері өзгерген уақыт белдеуінің халықтың физикалық және психикалық денсаулығына, еңбек өнімділігіне және энергетикалық ресурстарды тұтынуға әсері туралы зерттеу нәтижелері бойынша үкімет есебін тыңдап, бірыңғай уақыт белдеуін сол күйінде қалдыруды шешті. 

Дегенмен желтоқсан айында Amanat партиясы Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуін қалпына келтіруді қолдап, үкіметтен уақытты ауыстырудың халыққа әсері туралы зерттеуді жеделдетуді және "бүкіл халық қанағаттандыратын қолайлы шешім" қабылдауды талап еткен еді. 

Талқылау