Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неге тазы KMF символына айналды?

тазы ит

KMF компаниясы тұңғыш рет өз символын таныстырды. Ширек ғасырдан аса уақыт бойы еліміздегі ең ірі микроқаржы ұйымы болып келген KMF-тің символы – Тазы. Компания не себепті тазыны брендінің маскоты етіп таңдады? Оның астарында қандай мән-мағына жатыр? KMF өкілдері Stan.kz ақпарат агенттігіне айтып берді.

Таңдау неге тазыға түсті?

Қазақстанның қаржы нарығында 1997 жылдан бері микроқаржы ұйымы ретінде жұмыс істеп келе жатқан KMF компаниясы жақында банк болуға рұқсат алған болатын. Компания Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханованың айтуынша, KMF бүгінге дейін жеткен жетістігі мен абыройын, халықпен байланысын сақтап, миссиясын әрі қарай да жалғастыра береді. Сондықтан компания жаңа бастамаға лайық символ ретінде тазы бейнесін таңдапты. Бренд маскоты ретінде таңдаудың тазыға түсуінің себебі тазы — халқымыздың тарихын, мәдениетін танытатын, қазақтың өткені мен бүгінінде бар текті жануар. 

“Тазы қазақ халқының қашан да адал досы болып келеді әрі оны аса құнды деп бағалап, Жеті қазынаның қатарына кіргізді. Тіпті, ашаршылық заманында тазы аң аулап, бір ауылдың аман қалуына көмектескен деседі. Яғни қиын кезеңдерде иесінің жанынан табылған. Біздің компания да 27 жылдан бері қазақстандықтардың сенімді серіктесі атанып үлгерді. Біз де тазының рухына иеміз және әрдайым клиенттеріміздің жанындамыз”, – дейді Райханова. 

KMF неге тазыны символы етіп алды?

Тазы мен KMF-тің ортақ тұсы қандай?

Қарлығаш Райханованың айтуынша, тазы мен KMF-тің ұқсас тұсы көп. Мәселен, біріншіден, екеуі де дәстүр мен мұраның белгісі. Тазы — қазақ мәдениетінің, салт-дәстүрінің символы. Ал KMF — жауапты бизнесті жүргізу дәстүрін сақтап, ел экономикасы мен кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсеткен қаржы ұйымы.

Екіншіден, екеуі де сенімді әрі адал. Тазы – иесіне қашан да адал. Ол иесінің жанынан екі елі ажырамай, айтқанын тыңдайды, үнемі қорған болады. KMF-тің де миссиясы – клиенттерінің кәсібін, қаржысын тұрақты етуге көмектесетін сенімді серіктесі болу. 

Үшіншіден, екеуі де икемді әрі тез бейімделгіш. Тазы аңшы ит саналса да, үйде де, түзде де, тауда да жүре береді. Суыққа да, ыстыққа да төзімді. Тамақты да талғамай, иесінің бергенін жейді. KMF те нарықтағы өзгерістерге тез бейімделіп, жаңашыл шешімдер ұсынып, әрдайым клиентке көмек көрсетуге дайын тұрады.

Төртіншіден, екеуі де жылдам әрі пайдасы мол. Тазы сағатына 60-70 шақырым жүгіреді. Үйді де күзетеді әрі аңға да шауып, азық табады. Дәл сол сияқты KMF те қаржыға қатысты қызметтерді жылдам ұсынып, клиенттерге аз уақыттың ішінде мәселесін шешіп, табыс табуға мүмкіндік береді.

размещение

KMF символы қалай қалыптасты?

KMF-тің жаңа бренд маскоты – тазының бейнесі тек көркем сурет емес, терең символикалық мәнге ие. Оны жасағанда сыртқы келбетіне ғана емес, ішкі мазмұнына, оның әрбір бөлшегіне ерекше назар аударылған. Қарлығаш Райханованың айтуынша, символда тек аңшы иттің мүсіні емес, еңбек адамының бейнесінен бастап, кеңседе отыратын заманауи қызметкерге дейін бейнеленген. 

“Бұл – қарапайым ауыл тұрғыны да, кәсібін дөңгелеткен кәсіпкер де, отбасын асырап жүрген кез келген адам да өзіне жақын қырын көре алатын символ”, – дейді ол. 

Қызыл-қоңыр түске боялған тазының денесіне, кеудесіне түрлі ою-өрнек салынған. Онда адал достықты сипаттайтын “ит құйрық”, киелі жерді білдіретін “аққу” және еркіндік пен жеңілдікті көрсететін “құс қанаты” өрнектелген. Райханованың айтуынша, KMF командасы біріншіден, осылай компанияның қазақы болмысын, табиғи байланысын және тұрақтылығын жеткізгісі келген. Екіншіден, қазақтың ою-өрнегі арқылы бренд мақсаты мен міндетін суреттеп көрсеткен. 

“Тазының бүйіріндегі шиыршық тәрізді өрнек оның аяқтарын бейнелейді. Бұл – қозғалыстың, даму мен трансформацияның символы. Бұл элементтен брендтің жаңарып, тоқтамай алға ұмтылғысы келетіні көрінеді. Ал кеуде мен жүрек тұсындағы жануар кейпіндегі өрнек біртіндеп құс бейнесіне айналады. Бұл көкпен байланысын, яғни айқын мақсаттар мен болашаққа деген ұмтылысын білдіреді. Жүрек тұсындағы ою – KMF-тің өз клиенттерімен терең эмоционалды және рухани байланысын көрсетеді”, – дейді ол. 

Қорытындылай келе, KMF жаңа маскоты арқылы клиенттеріне: "Біз – сенімді серігіңізбіз. Қай бағытта жүрсеңіз де, әрқашан жаныңыздан табыламыз. Қолдаймыз, жол көрсетеміз" дегенді жеткізеді. 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның №02.21.0003.M лицензиясы

STAN.KZ
Дүйсенбі, 14 Шілде, 2025 10:17
Талқылау