Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚМДБ әйелін шәкіртіне “сыйға берген” уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады

Видеодан скрин 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әйелін шәкіртіне сыйлағанын айтқан уағызшы Құрбанәлі Ахметке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚМДБ Құрбанәлі Ахметтің діни басқармасының құрылымында қызмет етпейтінін, діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ екенін мәлімдеді.


"Харамы жоқ, сіздер қош көретін елге қоныс аударып кетіңдер": Депутат Ермұрат Бапи дүмше діндарларға қылмыстық жауапкершілік сұрады


“Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтынын хабарлаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін өзін имам ретінде таныстырған Құрбанәлі Ахметтің журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбаты қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Сұхбатта ол екінші әйелін шәкіртіне "сыйға бергенін" айтқан. Аталған мәлімдеме желіде қызу талқыланып, қоғам тарапынан сынға ұшырады. Тексеру нәтижесінде оның әрекеті заң талаптарына қайшы екені анықталып, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар сұхбат авторы да құқықбұзушылық белгілері бар материал таратқаны үшін жауапқа тартылған.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 22:10