ҚМДБ 2026 жылға пітір садақа мөлшерін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы пітір садақа мөлшерін белгіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚМДБ мәліметінше, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады, ал пітір садақа мөлшері 735 теңге. Ақпаратты бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жария етті.
“Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі”, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?