Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызуым көтеріліп, тамағым іріңдеп кетті": Айгүл Иманбаеваның денсаулығы сыр берді

Танымал әнші Айгүл Иманбаева денсаулығы сыр беріп, ем қабылдап жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Өнер иесі жеке парақшасында процедуралық кабинетте отырғанын көрсетті. 

“Түсірілімнен шығып, дене қызуым көтеріліп, тамағым іріңдеп кеткен, сүйектерім қақсап, басым солқылдап кетті. Бірден медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Қан қысымымды өлшеп, маған система қойғалы жатыр. Мүлдем ауырмаңыздаршы. Түсірілім ішінен осылай ауруханадан бір-ақ шықтым. Ертең Астанаға ұшу керек. Жазылу керек, амал жоқ", – деді өнер иесі. 



Айта кетейік, актриса жақында тұрмысқа шығып, балалы болғысы келетінін жасырмаған еді. 

"Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет. Мен қазір Стамбұл қаласындамын. Анама да бұл жер ұнады. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up", – деген еді әнші бейнежазбаға сәбидің дауысы мен суретін қойды. 

Талқылау