"Қызметшіге еселеп жалақы төлеймін": Мөлдір Әуелбекова үй шаруасына араласпайтынын айтып, мақтанды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова үйде ешқандай тірлік жасамайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі көмекшісі жанын тындырып істейтінін жасырмады.
“Басыңызға келсін! Мен үйде дым істемеймін. Тұрамын, жуынамын. Балаларды сабаққа апарып келгенімше, бала күтушім үй тазалап қояды. Келемін де жаттығамын (үйде), ол кезде таңғы ас дайын тұрады. Ішемін, рақмет айтып тұрып кетемін. Жұмысқа кетемін. Балаларды сабақтан алып келгенімше, дәмді тамақтар дайын тұрады. Кешкі ас ішіп балалармен әбден ойнаймыз. Көңіл көтереміз. Үйдің тірлігін ары қарай көмекшім өзі жасай береді. Кір бар анау-мынау тірліктерді істей береді. Тіс жуамыз, әркім өз бөлмесінде ұйқыға кетеді", — деді өнер өкілі.
-
"21 жыл бұрын, 18 жасымда келдім": Мөлдір Әуелбекова алғаш Алматыға келген сәтін есіне алды
-
"Құшақтап қатты жыладым": Мөлдір Әуелбекова экс-продюсері Баян Мақсатқызынан кешірім сұраған сәтін есіне алды
Сондай-ақ өнер иесі үй көмекшісіне еселеп жалақы төлеп отырғанын да айтты.
“Күтушімнің жұмысына еселеп ақша төлеп отырмын. Шетелге демалысқа өзіммен бірге алып кетемін. Маған ең бастысы, өзім істемесем болды. Су құбыры бұзылса, сантехник шақырамын. Жарық шамына ауыстыру керек болса, інімді шақырамын. Ең маңыздысы, ондай жұмыстарға өзің жүрмейсің”, – деді әнші.
Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты сырды ақтарып, ажырасып келгенде әкесінің кіргізбегенін айтқан еді.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
