Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

“Қызметші емес”: Балабақшадағы қыздарға арналған ережелер тізімі желіде наразылық тудырды


Фото: Әлеуметтік желіден 

Әлеуметтік желілерде елордалық балабақшалардың бірінде жарияланған "қыздарға арналған ережелер" тізімі наразылық туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ата-аналардың бірі балабақшада ілініп тұрған “қыздарға арналған ережелер” тізімін түсіріп алған. Оның сөзінше, бұл тізімді балабақша тәрбиешісі жасаған көрінеді.

Тізімде қыз баланың өзіне ғана емес, өзгелерге де көмектесуді үйренуі тиіс екені жазылған. Әрі қарай жас ерекшеліктеріне байланысты нақты талаптар көрсетілген:

3 жаста — киіну, жуыну, дастархан жаюға көмектесу, ойыншықтарды жинау;

4 жаста — бәтеңкені баулау, шаң сүрту, гүл суару;

5 жаста — түйме қадау, төсекті жинау, ленталарды, қуыршақ көйлегін жуу, анасына дүкеннен сөмке көтеруге көмектесу;

6 жаста — шай ішкен ыдысты жуу, анасының бақылауымен ленталарды үтіктеу, еден сыпыру, кішкентай жастық тысы тігу, дайын қамырдан печенье пісіру;

7 жаста — винегретке арналған көкөністерді турау, халатқа немесе сүлгіге ілгіш қадау;

8 жаста — дүкеннен сүт пен нан сатып алу, шаңсорғышпен тазалау, мектеп формасы мен аяқ киіміне күтім жасау;

9–10 жаста — кесте тігу, жұмыртқа немесе картоп қайнату, еденді сүрту.


ҚазҰУ-дағы "пәк" қыздардың тізімі – Министр даулы істе кеткен екі қатені атады


Желі қолданушылары бұл тізімге қарсылық білдірді. Негізгі уәж — қыз бала ешкімге ештеңе міндетті емес, мұндай дағдыларды білу жынысына қарамастан, барлық бала үшін маңызды. Ал ұл балаларға арналған мұндай тізімнің болмауы тіпті түсініксіз.

"Анасына дүкеннен сөмке көтеріп көмектесу керек дейді. Неге анасы ауыр сөмкені өзі көтеруі тиіс? Бұл арада әке қайда?”, “Осыдан кейін тұрмыстық тіршілікке икемсіз, алимент төлеуден қашатын, жалқау ерлердің көптігіне таңғалмай-ақ қояйық”, "Мұндай талаптар нағыз антиутопиялық романдардағы әйелдерге қойылатын шектеулерге ұқсайды”, "Қай ғасырда өмір сүріп жатыр бұлар? Менің жасым 30-да, өмірімде жастық тысы тігіп көрген емеспін, бірақ өмір сүріп жатырмын ғой”, "Әйел, әсіресе қыз бала, ешкімге ештеңе қарыз емес, тек өзіне ғана жауапты” – деп жазды желідегілер.

Көпшілік бұл талаптардың қыз баланы "үй қызметшісі" ретінде көруге итермелейтінін, ал дәл осы жаста ұл балаларға ешқандай міндет жүктелмейтінін айтты.

Еске салсақ, осыған дейін ҚазҰУ-дағы "пәк" қыздардың тізімін таратқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 18:34
Талқылау