Қызметке орналастыру үшін 1 000 доллар: Абай облысында көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды
Абай облысында лауазымды қызметке орналастыру үшін 1 000 доллар көлемінде пара алған көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: СЦК
Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.
“2024 жылдың 8 тамызында Семей қаласының №2 сотымен Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды. Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Сотталғандар арнаулы атақтары мен мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды