Қызмет бабын асыра пайдаланған: Елордалық қаржы полициясының бұрынғы қызметкері ұсталды
Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Дастан Қайырбеков ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті іздеуде жүрген аумақтық департаменттің бастығының бұрынғы орынбасары Дастан Қайырбеков ұсталды", - делінген мәлімдемеде.
Дастан Қайырбеков билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Ол Нұр-Сұлтанда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Естеріңізге салайық, 2021 жылдың қазан айында Қаржы мониторингі Ақмола облысының тумасы, 1984 жылы туған Қайырбеков Дастанбек Байтұрсынұлына қатысты барлық ақпарат үшін сыйақы жариялаған болатын.
- Шымкентте полиция департаментіндегі жігіт өлімі: Үш лауазымды полицей екі айға қамауға алынды
- Нәрестенің аяғы жұлынып кеткен: Батыс Қазақстанда мас күйінде көлік басқарып жол апатын жасаған полицей қамауға алынды
Кейінірек Нұр-Сұлтан қаласының Экономикалық тергеу департаменті халықаралық іздеу жарияланған Дастанбек Қайырбековтің осы бөлімде 2019 жылдан бері екінші тергеу басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істегенін растады.
Қаржы мониторингі Қайырбековке қатысты ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы "Өзіне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу, өзгелерге зиян келтіру мақсатында жасалған аса ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғады және оны күдікті деп таныды.