"Жиен сіңлімнің құрбысы – күйеуімнің қазіргі әйелі": Майра Ілиясова бірінші жолдасынан не себепті ажырасқанын айтты
Фото: Видеодан скриншот
Халық әртісі Майра Ілиясова туған күні қарсаңында жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуімен ажырасқан уақытта қызы психологиялық травма алмас үшін қандай қадамға барғанын жасырмады.
"Әпкемнің қызына сенің құрбыларың бар ма деп ақырын айттым. Екі құрбым бар деді. Сол әпкемнің қызы құрбысымен менің бұрынғы күйеуімді таныстырды. Бірақ ол екі жыл көнбей қойды. Оған "мен өнерден кете алмаймын, саған қасыңда отыратын, тамағыңды істейтін, кіріңді жауатын, ұл туып беретін қыз керек" дедім. Қазір 13 жасар ұлдары бар, бақытты тұрады. Екі отбасы болып еркін араласамыз, қарым-қатынастарымыз керемет, өте татумыз, бір-бірімізге қонаққа барамыз. Қызым біздің айырылысқанымызды білген де жоқ, күйзеліске де түспеді. Қызым үшін солай жасадым. Бақытжан да қиналған жоқ, жақсы жар тауып алды. Үнемі араласып жүрдік, қазір бәріміз өз орнымызды таптық. Өзімізше бақыттымыз. Менің жолдасым менің мамандығымды жақсы түсінді. Мінезі жақсы болды. Сол үшін де сыйлаймын және өміріне ат салысып, жақсы әйел алып, бақытты болғанына қуанамын. Қазір қызы, ұлы бар. Одан бақытты адам жоқ. Бұдан біз не жоғалттық?! Кейбіреулер таңғалады. Осы Майра апай күйеуіне қыз іздеп, әйел алып берді. Күйеулерімізді бұзатын болды деп ойлайтын да шығар. Бірақ қызыма психологиялық жарақат салмау үшін осындай қадамға бардым", – деді халық әртісі.
-
"Димашқа қазыны көйлегімнің ішіне тығып апардым": Майра Ілиясова Қытайдағы гастролдік сапары туралы айтты
-
"Оның бойында баяғы батырлардың қайсарлығы бар": Танымал әнші басы дауға қалған Төреғали Төреәлінің әрекетін ақтады
Өнер иесі осы күнге дейін сезімін білдірген жігіттер болса да, қарым-қатынас құрмағанын жасырмады.
“Күйеуіммен өнер үшін ажырастым. Одан кейін маған лайық, менің көңілімдегідей жігіт кездеспеді. Әрине, келіп, жақсы көретіндерін айтып, шығарып салатындар болды. Мүлде ешкім қарамады деп айтпаймын. Көңіл білдірген жігіттер өте көп болды. Бірақ олармен қарым-қатынас болған жоқ. Мен ондайды ойлаған жоқпын. Міндетті түрде жігіт табамын, тұрмыс құрамын деп тұрмысқа шығып кеткен құрбыларым болды. Бірақ мен соны ойламадым. Қазір өкінбеймін. Бірақ қызым кейінгі кезде ренжіп жүр. "Күйеуге шық, кейде жалғыз жүресің. Түнде сен үйге кіргенше мен ұйықтамаймын. Адаммен таныссайшы" деп айтады. Мен бұрынырақта осы жігіт жақсы деп, өзімде де ұнату сезімдері болған кезде қызым ұнатпай, қабағы түсіп кететін. Қызымның көңіліне қарайтынмын. Қазір күнде күйеуге шық деп айтады. Қазақта осы жаста күйеуге шығу ұят қой", – деп ағынан жарылды әнші.
Еске салайық, өнер иесі биыл 70 жасқа толды.

“Қарны қампайған” ағамен танысудан бас тартсаң, құқығыңды таптайды": Алматыдағы мейрамханада күзетші демалуға келген қызды сүйреп шығарып жіберген
