"Қызым дүниеге маңдайымен келді": Әнші ZAQ алғаш әке атанған cәтін есіне алды
Фото: https://www.instagram.com/zaqcount/
"91" тобының мүшесі ZAQ лақап атымен танылған Дулат Мұхаметқалиев алғаш рет әке атанған сәтін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі "Айқап" подкастында қонақ болып, отбасылық өмірінен сыр шертті. Ең ауыр сәттің бірі қызының дүниеге келгенін айтып берді.
Бізде Айрин өмірге маңдайымен келді. Негізі бала желкемен туылуы керек. Мұндай жағдайда ашылу 14 см-ге дейін жетуге тиіс екен. Бұл – физиологиялық тұрғыда мүмкін емес нәрсе. Босану процесі кезінде УДЗ-де күрделі жағдайды анықтамай, "бәрі дұрыс" деп босану бөліміне жіберген. Жадыраның денсаулығы үшін де босану қауіпті болған. Өйткені жүрегіне осыған дейін ота жасалған. Дәрігерлер табиғи жолмен босануға болмайды деп кеңес берген. Акушердің өзі: "Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын", деді. Бір уақытта қызымның кіндігі үш жерден оралып қалған екен. Бірақ дәрігерлер шұғыл әрекет етіп, қызымды аман-есен алып шықты", – деп еске алды ZAQ.
- A.Z топқа оралғысы келеді: Ninety One рэперді қайта қабылдай алмайтынын мәлімдеді
-
Атышулы "Ninety One-ның" продюсері Ерболат Беделхан топтан бас тартты
Эстрада жұлдызының сөзінше, босанудан кейін әйелінің жағдайы қиындап кеткен.
“Босанғаннан кейін Жадыра есінен танып, 10 күн бойы перзентханада жатты. Қан құю қажет болса да, ол қатты қорқып қалғанын айтып, бас тартты. Содан кейін балаға мен қарай бастадым. Келіншегімнің күтімін қатар бақылап отырдым. 40-ынан шығарғаннан кейін қайта жұмысқа кірісемін деп ойладым. Бірақ келіншегімнің қалпына келуіне 2-3 ай уақыт кетті”, – деді музыкант.

Ирандағы шиеленіске байланысты мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
