Жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үшінші рет ата-ана болды

Жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің үшінші перзенті дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші хабарды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол сондай-ақ қызына қандай есім бергенін де жазды.
“Бүгін 1.12.2025 жылы Нұртан Ару Айқынқызы дүниеге келді. Жұлдызыма үлкен алғыс. Мен сені жақсы көремін”, – деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалиева сәби күтіп жүргенін жария еткені хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"