"Қызым да екінші рет ажырасты": Мөлдір Әуелбекова өзінен кешірім сұраған оқырманының хатын жариялады
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/
Әнші Мөлдір Әуелбекова өзін тілдеп, кешірім сұраған оқырманының хатын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі кезінде қаралаған оқырманының хатын жариялады.
"Хат келді: "Мөлдір ханым, сізді "байдан байға тиіп еще бала туып түсінбеймін осыны" - деп, әр фотоңызға пікір жазған кездерім болды. Өмір бумеранг дегенді енді түсініп тұрмын. Қызым екінші рет ажырасып үш баламен үйімде отыр. Қатты қиналып отырмын. Сізден кешірім сұраймын. Мен бұлай боларын білмей қалдым" деп жазыпты бір ханым”, – деп жазды әнші.
-
"Шымкент әкімдігі 300 миллион теңге бөлген": Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты мәлімдеме жасады
-
"Қызметшіге еселеп жалақы төлеймін": Мөлдір Әуелбекова үй шаруасына араласпайтынын айтып, мақтанды
Алайда өнер иесі оқырманын кешіргенін айтып, халыққа кеңес берді.
“Ренішім жоқ. Ажырасу өлім емес! Алла жеңілдігін берсін! Біреудің тағдырына қол сұқпайық! Әрбір жасағанамыз бен айтқанымыз өз өмірімізге келмейінше өмірден өтпейміз. Сақ болайық", – деп жазды ол.
Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова экс-продюсері Баян Мақсатқызынан кешірім сұраған сәтін есіне алған еді.

"Нағыз чемпион бұлай өмір сүрмеуі керек": Күрестен бірнеше дүркін жеңімпаз болып, бір бөлмелі пәтерде тұратын әйел көптің көңілін босатты
