Қызылордалық шенеуніктер футболға 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ
Қызылорда облысында шенеуніктер футболға 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
“Тапсырыс беруші – Қызылорда облысының Денешынықтыру, спорт және туризм басқармасы; атауы – спорттық клубтар қызметі; қосымша ақпарат – Премьер-лига командалары арасындағы чемпионатта, екінші лига командалары арасындағы чемпионатта, футбол Кубогына облыстық футбол командасының дайындықтарын ұйымдастыру және қатысу жөнінде қызметтері; жолспарланған қаражат – 1,2 миллиард теңге”, – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.
Байқауға қатысуға өтініштер 17-19 ақпан аралығында қабылданады.
Тағы бір лоттың сипаттамасында "Футбол орталығының (балалар-жасөспірімдер командаларының) облыстық футбол клубының 2025 жылы Қазақстан футбол федерациясының ойындар күнтізбесіне сәйкес, жасөспірімдер құрамалары арасында өтетін ресми республикалық сайыстарға дайындықтарын ұйымдастыру және қатысу қызметтері" делінген. Тапсырыс беруші – Қызылорда облысының денешынықтыру, спорт және туризм басқармасы. Қажет сома – 436 612 400 теңге. Бұл конкурсқа өтінімдер қабылдау 12 ақпанда басталып, 17 ақпанда аяқталады.
Шенеуніктер жалпы екі лотты қосқанда футболға 1 636 612 400 теңге жұмсамақ.