Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы легионерсіз ойнайды
Алдағы 2024-2025 жылғы футбол маусымында қызылордалық команда Қазақстан премьер лигасында легионерсіз ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді. Клубтың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Жаңа маусымда қызылордалық басшылық легионерлерді команда қатарына алмайды. Құрама 100 пайыз отандық футболшылардан құралмақ.
Жақында ғана "Қайсар" футбол клубына жаңа басшы болып Талғат Әбдіғаппарұлы тағындалған еді.
Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев клубқа легионерлерді сатып алуға қаржы бөлінбейтінін, жергілікті ойыншыларды тәрбиелеуге басымдық берілетінін айтқан еді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда клуб ел чемпионатында 8-орынды иеленді. Қазір "Қайсар" футбол клубы Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

