Қызылордада түрмеден өзіне жайлы камераны таңдап жүрген полицей видеоға түсіп қалды
Қызылордада қылмысқа күдікті ретінде ұсталғандар уақытша ұстау абақтысында емін-еркін, өзіне жайлы камераны өзі таңдап жүре беретін сияқты. Әлеуметтік желіде пара алды деп күдікке ілінген полиция басқармасы басшысының орынбасары өзіне отыратын камераны шыр айналып іздеп жүр деген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Желіде тараған жазбада екі азамат уақытша ұстау изоляторының дәлізінде әр камераның есігін бір ашып жүр. Құдды бір ыңғайлы камераны күдіктінің өзі таңдап жүргендей.
Бұл көріністегі полицейдің қасындағы жан жақында ғана пара алды деп күдікке ілінген ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары делінген ақпарат желіде тарады.
Бірақ полиция департаменті шендінің күдікті ретінде ұсталғанын растағанымен, видеодағы азаматтың кім екені әлі белгісіз екенін айтады. Қазіргі кезде осыған қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі