Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: Ұсталған күдіктілер саны сегізге жетті

Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерге қатысты тергеудің мән-жайын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазинформға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомство дерегіне сәйкес аталған іс Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша тергеліп жатыр. 

"Сонымен қатар қылмыстық іс аясында бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр, оның ішінде притон ұйымдастыру, бопсалау, есірткі тұтынуға итермелеу, азаптау және т.б. бар", – делінген министрлік жауабында. 



Бұдан бөлек іс аясында 8 күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпас шарасы тағайындалған, бір адам үйқамаққа алынған. 

Бұл дерек бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс барысында лауазымды тұлғалар, Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланды. 

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада сыныптастары 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау