Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада шенеуніктер "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 миллион теңге бопсалаған

мониторингтік топ ақша бопсалаған

Видеодан скриншот

Қызылордада мониторингтік топтың мүшесі кәсіпкерлерден 88 миллион теңге ақша алып, тексеріс нәтижесін оң шешіп бермек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қызылордада балалар спортын және шығармашылығын қолдауға арналған "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 миллилон теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты.

Аталған қылмыстық іс Қызылорда облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің департаментімен жүргізілді.


"Полицейлерге әйелінің айыппұлын төлеткен": Адамдарды бопсалаумен айналысқан блогер 4 жылға сотталды


“Тергеу барысында анықталғандай, мониторингтік топ құрамында болған қатысушы өзінің қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін "оң шешіп береміз" деген желеумен ақша бопсалахан. Нәтижесінде олар 88 млн теңгеден астам қаражатты алған, оның бір бөлігі коттедж және автокөлик сатып алуға жұмсалған”, – деп мәлімдеді ҚМА.

Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.

Сот үкімімен басты айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ .

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 10:14
Талқылау