Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қызылордада 441 миллион теңге шығын келтіру ісі бойынша Гүлмира Сатыбалды тағы сегіз жылға сотталды

Қызылордада 441 миллион теңге шығын келтіру ісі бойынша Гүлмира Сатыбалды тағы сегіз жылға сотталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Гулмира 2

“Гүлмира Сатыбалды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігімен – (Басқаның сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе иемдену) бойынша кінәлі деп танылсын. Гүлмира Сатыбалды мүлкі тәркіленбей, сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын”, – делінген соттың дүйсенбі күнгі шешімінде.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Гүлмира Сатыбалды 2018 жылдың күзінде Сырдария өзенінің сол жағалауына жылу желілерін тарту бойынша мемлекеттік сатып алулар сайтында өтетін байқау туралы алдын ала біліп, "Ария-Жаңа Астана" ЖШС мекемесінің басшысы Ғани Бекбосыновқа тендерге тиісті құжаттарды дайындасын деп тапсырма берген. Ол сондай-ақ Бекбосыновқа комиссия мүшелері туралы да хабардар еткен. Сатыбалдының ықпалымен тендерді "Ариа-Жана Астана" компаниясы жеңіп алады. Кейін Сатыбалды Бекбосыновқа нақты орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша барлық актілерді бөлінген бюджетке сәйкес келтіруді тапсырады. Бекбосынов бұл актілерге өзі қол қойған, сонымен қатар қалалық құрылыс бөлімінің қызметкерлері мен техникалық қадағалау қызметінің басшысын олармен сөз байласып, қол қоюға мәжбүрлеген.

“Барлығы 2018-2020 жылдар аралығында Гүлмира Сатыбалды Ғани Бекбосыновпен бірлесіп 2 млрд 130 млн теңгеге аяқталды деген құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 14 акт қабылдады. Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 441 миллион теңге шығын келтірілген”, – делінген мәліметте.



Ғани Бекбосынов та кінәлі деп танылып, жеті жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 4 мамырда Гүлмира Сатыбалды 389-баптың 3 және 4-бөлігі (Өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру) мен 125-баптың 2-бөлігінің 1 және 8-тармақтары (Пайдакүнемдік ниетпен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адам ұрлау) бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ Сатыбалды “Құрмет” орденінен айырылады. Сонымен қатар, сот Гүлмира Сатыбалдыдан кәсіпкер Тұрсен Алагузовқа 6,5 миллиард теңгені өтеуге міндеттеді.

Сот жазаны өтеуді қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде тағайындау туралы шешім қабылдады. Жаза өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Сатыбалдының жазасын өтеу мерзімі 2022 жылғы 16 наурыздан бастап қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеу кезінде қамауға алудың бір күні есебімен 2022 жылғы 16 наурыздан бастап күшіне енгенге дейін есептеледі.

Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге жұмсалған қаражатты жымқыру, басып алу және ұрлау істеріне қатысты айыпталған.

Ақберен Амангелді
Жұма, 30 Маусым, 2023 12:33
Талқылау