Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты
Астанада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Судья Кемеңгер Имашев Сатыбалдыны кінәлі деп танып, қылмыстар жиынтығы бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, прокурор Сатыбалдыға сегіз жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.
Жәбірленушілер сотта шамамен 12 миллиард теңге қайтаруды талап етті, олардың арасында белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагузов пен Айгүл Мекешева бар.
Гүлмира Сатыбалды басында айыптар бойынша кінәсін толық мойындамайтынын мәлімдеді, алайда кейінірек Айгүл Мекешевамен даулы медиативтік келісім жасасты.
Марқұмның бөлмесіне дән шашып, айнаны неге жабады? Қазақтың жерлеу рәсімдеріндегі ырымдардың мәні қандай
Жанболат Қазанбаевтың айтуынша, ақ түстің қазақ дүниетанымындағы орны ерекше
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады