Қызылорда облысындағы жекеменшік балабақшада бір жарым жастағы баланы оңдырмай тістеп тастаған (видео)
Фото: Видеодан скрин
Қызылорда облысындағы жекеменшік балабақшада бір жарым жастағы қыздың арқасын оңдырмай тістеп тастаған. Баланың денесінің сау жері қалмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болған жағдайды қыздың анасы баяндады. Оның сөзінше, қызы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы жекеменшік балабақшаға барып жүрген. Бірде әйел балабақшадан келген қызының арқасын әлдекім тістеп тастағанын көрген. Баланың арқасын 25 жерден тістеп тастаған.
“Балабақша басшылығының айтуынша, тәрбиешінің көмекшісі “горшок” төгуге шығып кеткенде, балалар бөлмеде жалғыз қалған. Оқыс жағдай дәл сол сәтте болған. Бір жарым жастағы қызды 1 жас 3 айлық бала тістеп тастаған. Қысқа уақыт ішінде мұны бір ғана бала істеді дегенге сену қиын. Ең азы – үш-төрт, бәлкім, бес бала болуы мүмкін. Оқыс жағдай түскі 12-де болған, бірақ осы уақытқа дейін қызға ешқандай медициналық көмек көрсетпеген, ата-анасына да хабар бермеген. Сол уақытта тәрбиеші қайда болды, неге балалар қараусыз қалды?", – деп жазды әйел Instagram желісіндегі kritirakyzylordy парақшасында.
Баланың анасы құқық қорғау орғандарына шағым түсірген.
Шиелі аудандық полиция бөлімі бұл ақпарат негізінде кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген балабақша тәрбиешісіне шара қолданылғанын хабарлады.
“Сондай-ақ тиісті ұсыныс Қызылорда облысының білім басқармасына жолданды. Қазір облыстық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі тобының қызметкерлері профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
