Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты айлық сәбилері өрттен көз жұмған: Қызылорда облысында қара жамылған отбасы баспаналы болды

18 ақпанда Қызылорда қаласында жер үй өртеніп алты айлық нәресте анасының көзінше өртеніп кеткен еді. Анасы 4 қызын терезеден шығарып үлгергенмен, бесіктегі бесіншісін шығара алмапты. Қара жамылған отбасыға облыс басшысы көңіл айтып, жаңа пәтердің кілтін табыстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. 

"Орын алған қайғының орнын толтыру мүмкін емес. Жалпы Сыр елі үшін бұл ауыр қаза болды. Көзге көрінген балаларымыз аман болсын! Періштенің жаны жәнәтта, топырағы торқа болсын!" - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Қорлардың демеушілігімен жиналған қаржыға өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына Арай мөлтек ауданынан 6 бөлмелі жаңа жер үй берілді. Аймақ басшысы үй иелерін жаңа баспанамен құттықтап, тұрмысқа қажетті сыйлықтар табыс етті.



Еске салайық, 18 ақпанында көп балалы отбасы жалдап келген шағын баспана өртеніп кетті. 

Өрт салдарынан 2020 жылы туылған Төреханқызы Ардақ есімді нәресте қайтыс болды. 

Сонымен қатар, анасы 1993 жылы туылған Тоқбергенова Дамира 1- ші дәрежелі көмір қышқыл газына улану және сол жақ білектің және 2 алақанының термиялық күйік шалу нақтамасымен қалалық ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күні жағдайы қалыпты деңгейде.

Зардап шеккен көпбалалы отбасы әкімдік тарапынан, кәсіпкерлердің қолдауымен 1 айға жететін азық -түлік, мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

Талқылау