Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында әйел егіз сәбилерін сатып жіберген

Қызыорда облысында өзінің егіз сәбиін сатты деген күдікпен 44 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған егіз сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтаған.

“ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 19 Маусым, 2023 18:59