Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Байқоңыр қаласының 17 жастағы тұрғыны Абдрахимов Асылан Ақылбекұлы 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен.
Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйге қайта оралмаған.
"Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: Бойы: 1,70-1,75 см, орта денелі, шашы қоңыр түсті. Киімдері: қара түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғында қара түсті етік. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 8-705-255-81-25 теелфон номерлеріне қоңырау соғуды сұраймыз", – делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”