Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада босанған әйел "ВИЧ" жұқтырған: Оның донорлары мен баласынан инфекция анықталған жоқ

Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау басқармасы жаңа босанған әйелге қан құйғаннан кейін АИТВ анықталған деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: championat.com

Мәліметтерге сенсек, жаңа туған нәрестенің талдау нәтижелері "ВИЧ" инфекциясын анықтамады. Донорлардан да вирус табылмаған.

"Сәби 1,5 жасқа толғанда, оның АИТВ инфекциясын жұқтырғаны немесе жұқтырмағаны нақты анықталады. Қан құю үшін пайдаланылған барлық донордың АИТВ-ге тапсырған талдаулары теріс нәтиже көрсетті. Қазір тергеу жүргізіліп, донорлар қайта тексеріліп жатыр", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.



Еске салайық, бұған дейін Қызылордада босанған әйелге 12 донордан қан құйылғаннан кейін бір ай өткен соң оған “ВИЧ” диагнозы қойылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігіне жолданған, алайда ешқандай шара қолданылмағаны айтылды. Дәрігерлерге тергеу жүргізудің орнына ақпаратты жарияламау туралы ескерту жасалған. Тіпті науқасқа ақша ұсынылған деген мәлімет бар.

Әйел 2024 жылдың 22 қыркүйегінде облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, 23 қыркүйекте табиғи жолмен босанған. Қан кету салдарынан екі рет ота жасалып, 16 қазан күні үйіне шығарылған. Кейінірек денсаулық сақтау министрлігі мен полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізді. Министр Ақмарал Әлназарова тергеу нәтижелері бойынша шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Талқылау