"Қызылорда аруы - 2019" коронавирустың кесірінен анасынан айырылып, даяшы болуға мәжбүр болған
«Қызылорда аруы-2019» байқауының финалисі Гүлнұр Нұртазаның ыдыс жуған видеосы интернетте кең тарап, қызу пікірталас тудырды. Гүлнұр Нұртаза жетім қалып, ақша табуға мәжбүр болғаны белгілі болды.
Гүлнұр Нұртаза «Қызылорда аруы-2019» байқауының финалисі болды. Ас үйде қарапайым жұмысшы болып істеген ол телефон камерасынан жасырынуға тырысты.
Россия 24 арнасының хабарлауынша, Гүлнұрдың анасы коронавирустан көз жұмған. 15 жасында әкесі қайтыс болғандықтан, өзі жұмыс істеуге кіріседі. Осылайша пәтерақысы мен оқуының ақысын төлемек болды.
Гүлнұр Нұртаза кафеге ыдыс жуғыш болып жұмысқа орналасқан. Қазіргі жұмысы үшін кафеден күніне 10 мың теңге алады.
Конкурстан кейін Гүлнұр модельдік агенттікпен келісімшартқа отырды, бірақ пандемия кезінде жұмыс тоқтап қалды. Гүлнұрдың өзі айтқандай, басқа жерлерде олар одан еңбек шарты бойынша міндеттемелерінен бөлек көп нәрсе талап еткен екен.
«Мен қайда барсам да, бәрі мені қудалайтын. Олар менің жалғыз екендігімді пайдаланғысы келді. Мамандығым бойынша жұмысқа тұра алмаймын, өйткені оқуымды әлі аяқтаған жоқпын», - дейді қыз.