Қызыл крест Тоқаевты "Жусан" операциясының сәтті өтуімен құттықтады
Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан оралуын құптарлық іс деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сурет: egemen.kz
Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Президенті Петер Маурер Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады. Гуманитарлық көмек негізінде Ирактан қайтарылған 14 қазақстандық баланың елге оралтудың сәтті өтуімен құттықтады.
""Жусан" операциясының табысын дамыта отырып, Қазақстан осындай қиын мәселенің шешімін табуда бар әлем үшін үлгі болып отыр", - деп жазады гуманитарлық ұйым жетекшісі.
Петер Маурер репатриация мен реинтеграция, отбасыларды табыстыру пен қақтығыс аймақтарынан оралған адамдарға психологиялық көмек көрсету мәселелерінде Қазақстан және Қызыл Крест комитетінің бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігін атап өтті.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"