"Қызыл қағаз көрсеткені үшін": Алматыда матч кезінде төреші соққыға жығылды (видео)
Алматыда "Pioneer" және "Eric-Son" командалары арасындағы әуесқой J-League футбол матчынан кейін бас төрешіге шабуыл жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Төреші Игорь Карповтың миы шайқалып, көптеген жарақат алғаны хабарланды.
"Куәгерлердің айтуынша, төреші ойыншылардың біріне қызыл қағаз көрсеткен. Бірақ олар келіспей, көпшілік оған шабуыл жасаған", – деп жазды басылым.
Футбол лигасының Telegram-парақшасында хабарланғандай, оқиғадан кейін тәртіптік комитет "Pioneer" командасын матч төрешісіне шабуыл жасағаны үшін турнирден шығару туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ команданың үш ойыншысы OFL-J-LIGA аясындағы барлық турнирге өмір бойына қатысудан шеттетілді.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейде жасөспірімдер бокс жаттықтырушысын шәкірттеріне қарсы шыққаны үшін соққыға жыққаны туралы жазған едік.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты