Қызық суретке түскісі келген азамат құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған
Ерекше жағдайға тап болған қызылордалық азамат құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған. Ер адам басына "спартандық дулығаны" киіп, бірақ оны өзі шеше алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қоңырау Саяхат шағын ауданының тұрғынынан түскен. Тұрғынның досы суретке түспек болып, темір дулығаны басына кигенімен, қайта шеше алмай қалған.
“Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматтың басына зиян тигізбей, дулығаны шешіп алды”, – делінген ТЖМ мәліметінде.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен