"Қызық костюмдермен мұздай суға секіру": Алматыда көктемнің ең ерекше шарасы Red Bull Jump & Freeze 2025 өтті
Наурыз – көктем мен жаңару символы. Бұл мейрамды тойлау кезінде әдетте көз алдымызға дастархан басындағы әңгімелер, наурыз көже, отбасылық басқосулар елестейді. Дегенмен биыл Алматыда мереке теңіз деңгейінен екі мың метр биіктікте мүлде басқаша тойланды. Шымбұлақта Red Bull Jump & Freeze шарасы өтіп, креатив, спорт және шынайы эмоциялар тоғысқан ерекше оқиға болды.
Фотосуреттер авторы: Виктор Магдеев
Шараның форматы қарапайым. Мұнда қатысушылар арнайы костюмдер мен болидтерді өз қолдарымен жасап, қарлы тау баурайынан жылдамдықпен мұздай суы бар бассейнге секіреді. Шын мәнінде бұл театр, перформанс, қиял мен еркіндіктің мейрамы. Жыл сайын шара көрермендердің де, қатысушылардың да көңілінен шығып, ауқымы кеңейіп келеді.
Сары ұшақ көктемнің бастауындай болды
Биыл жолды алғаш болып танымал инфлюенсер @nnnurdaylet тексеріп көрді. Ол өзіне тән стильде жасалған сары ұшаққа отырып, тау етегімен сырғып түсті. Сонымен қатар ұлттық өрнегі бар шапан киіп, шараға нағыз қазақи еркіндік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Фотосуреттер авторы: Виктор Магдеев
Идеялар мен конструкциялар: Қарақшылар кемесінен бастап балалық арманға дейін жасалды
Әр команда апта бойы дайындалып, уақыт пен күш жұмсап, идеяларына шынайы жан бітірді. Биыл ерекше есте қалғандар:
Gong Merry — әйгілі One Piece анимесінен шабыт алып, туы мен желкені бар қарақшы кемесін жасап шықты. Алдыңғы жағында — танымал қошақан бейнесі болды.
Raft Service — тау бөктерін өзенге айналдырып, қайық пен ескектермен келген нағыз рафтерлер.
"Нашар көңіл-күйге қарсы күрескерлер" — шаңғы үстіне толық жабдықталған бар жасап алып шықты. Коктейль, шейкерлер мен көрермендердің қолдауы көңілді атмосфера тудырды.
Фотосуреттер авторы: Виктор Магдеев
Ең есте қалғандардың бірі — Томас пойызы түріндегі болид болды. Бұл болидті АҚШ-тан келген, қазір Алматыда тұратын Макс Перелло мен оның командасы құрастырды. Макс болидтің ішінде жатып басқарды. Ал секіру сәтінде алғаш болып мұздай суға етбетімен түсті.
"Біз балалық армандарымызды орындадық. Бұл күлкілі әрі сәл абсурдтау болды", — деді Макс судан күлімсіреп.
Фотосуреттер авторы: Виктор Магдеев
Toyota City командасы жеңіс жетті
Биылғы жарыстың бас жүлдесін Toyota City командасы жеңіп алды. Олардың болиді үш апта ішінде толық қолмен жасалған. Бұл құрылым тек техникалық шеберлікті ғана емес, экология мен командалық жұмысқа деген жауапкершілікті де көрсетті.
"Алғашқыда қорқынышты болды. Бірақ кейін бәрі ұмытылды. Ұшып бара жатқандай сезінесің: жылдамдық, суық, адреналин... Су мұздай, бірақ әсері жылы. Ұйымдастырушыларға рақмет!" — деді команда мүшелері.
Фотосуреттер авторы: Виктор Магдеев
Қалада пайда болған жаңа дәстүр
Red Bull Jump & Freeze жыл сайын көрермендер мен қатысушылар арасында ерекше орын алатын, мәні терең шараға айналып келеді. Бұл — тек көңіл көтеру емес, батылдық, қиял, өзін-өзі көрсету мәдениетін қалыптастыруда.
Шарада сіз суперқаһарман да, шаңғыдағы бармен де, картон тікұшақты жасаған инженер де, тіпті жай ғана көрермен де бола аласыз. Бастысы бәріміз осы көктемнің бір бөлігі боламыз.
Фотосуреттер авторы: Виктор Магдеев
2025 жылы Алматы дәл осындай шаралар арқылы қаланың жас, шығармашыл әрі тәжірибеден қорықпайтын бейнесін қалыптастырады.