“Қызық болайын деп тұр”: Шенеуніктердің декларацияны қашан жариялайтыны белгілі болды
Фото: pixabay.com
Жоғары лауазымды шенеуніктер, депутаттар мен судьялар кірісі мен мүлкі туралы декларацияны қашан жариялайтыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері қазақстандықтар шенеуніктер тапсыратын декларациямен қашан және қай жерден таныса алатынын, сондай-ақ кіріс декларациясы қандай мәліметті қамтитынын сұрады.
"Мәселе күн тәртібінде тұр. Декларация 15 қыркүйекке дейін тапсырылады. Жариялау жыл соңына дейін болады. Өткен жылы тіркелген ақпарат жарияланады. Объектілер бойынша кез келген қозғалыс декларацияға енгізіледі. Ол жерде жалақы көрсетілмейді", — деп түсіндірді қаржы министрі Мәди Такиев.
Қазақстандықтар депутаттарға тендерлерге қатысуға тыйым салуды талап етіп отыр
Ал Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин журналистер шенеуніктердің қанша алатыны туралы сұраққа жауап берді.
“Біздің қанша жалақы алатынымызды барлығы біледі. Бұл сұрақтарға сіздерге талай рет жауап берілген. Мен министрлік аппаратының басшысымен ақылдастым, мемлекеттік қызметшілердің декларациясын кадрлық қызметтер басып шығаратын болады. Өткен жылы сатып алған барлық заттарымыз, соның ішінде мүлік, бағалы қағаздар және т.б. бәрі көрсетіледі, оған қоса қаржыландыру көздері де болады. Бұл ашық түрде басылымда немесе министрліктің сайтында жарияланады. Сондықтан жыл соңы өте қызық болайын деп тұр”, – деді Жұманғарин.
Еске салсақ, осыған дейін жаңа Салық кодексінен кейін кімдер декларация тапсыратыны белгілі болған еді.

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
