Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта ресейлік әйел 6 күннен бері іздестіріліп жатыр: Оның баласы жергілікті балалар үйіне өткізілген

жоғалып кеткен әйелФото: Рен.тв

Таиландта жоғалып кеткен ресейлік әйел алты күннен бері іздестіріліп жатыр. Ал оның қызы жергілікті балалар үйіне жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Владивосток тумасы, 34 жастағы Эрика Владыко кішкентай қызымен бірге бірнеше жыл бұрын Самуи аралына көшкен. 12 қыркүйекте ол Бангкокқа келіп, қонақүйге орналасқан. Сол түні ресепшн арқылы такси шақыртып, Сукхумвит көшесіне шыққан. Ол кетер алдында қызын танысының қарауына қалдырған. Алайда белгіленген уақыт өткен соң қайтып оралмаған және байланысқа шықпаған. Ал 15 қыркүйекте телефоны сөндірілген.

Қонақүй қызметкерлері таңертең бөлмеден Эриканың қызын тапқан. Таиланд билігі баланы қайда апару керегін білмей, жергілікті балалар үйіне орналастырған.

“Қыз кішкентай болса да, үш тіл біледі: орысша, тайша және ағылшынша. Сондықтан өзін жақсы сезініп жүр”, – дейді балалар үйінің қызметкері.

Эриканың құрбысының айтуынша, ол Бангкокқа не үшін барғанын ешкімге айтпаған. Жоғалар алдында ешқандай өзгеріс байқалмаған екен. Сондай-ақ һтөлқұжатын қонақүйде қалдырып кеткен. 

Марқұмның ата-анасы болған жайтты бірнеше күннен кейін ғана естіп, Бангкокқа барып, қыздарының жоғалғаны туралы ресми арыз жазды.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 19 Қыркүйек, 2025 14:15
Талқылау