Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Қыздың бәрін ғашық еткен": Тамара Асар досы Мұхамеджан Тазабекті жер-көкке сыйғызбай мақтады

Фото: Stan.kz

Танымал әнші Тамара Асар Мұхамеджан Тазабектің жігіттік шағындағы серілігін айтып, мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тәлімгер қызы Фатиманы ұзатты. 

"Мұхаңның беделін бөлек айтайын. 1993 жылдары, біз оқуға түскен кезде Мұхамеджан Тазабеков бүкіл мен қазақпын деген қыздың бәрін ғашық қылған. Әрбір жатақхананың есігі ашулы, дастарханы жаюлы болатын. Осы Мұхаң есіктен бір сығалар ма екен, бір төрт жол өлеңімді арнар ма екем деп армандаған Мұхаңның төрінде мен ән айтайын деп тұрмын. Мұха, ұшырғалы отырған балапаныңыздың бағы болсын", – деді Тамара Асар.


  • "Басты сыйлық – садақ": Мұхамеджан Тазабек келін түсірді

  • "Еркектің кеңдігі мен даналығы сыналады": Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын көтерді


Айта кетейік, айтыскер ақын, дінтанушы қызының тойына ерекше сыйлық тарту етті. Тіпті, жақын күндері сатылымға да шығаратынын жеткізді. 

“Бұл сыйлықты қызыма ғана емес, ұзатылатын барша қазақ қыздарына, аяулы қарындастарыма арнадым. Қыздың болашақ жарына, ата-енесіне, жақындары мен екі жасқа арналған ең маңызды 40 кеңесті қамтып, кітапша етіп шығардым. Сіздер де ұзату тойда тәтті немесе қоқысқа тасталатын қағаз емес, қыздың бақыты үшін маңызды кеңестерді қысқа әрі түсінікті жеткізетін кітапшаны қоя аласыз”, – деп жазды дінтанушы. 

Еске салайық, Мұхамеджан Тазабектің көп әйел алуға қатысты көзқарасы елді ойландырып қойған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 16 Мамыр, 2025 12:02
Талқылау