"Қыздайсың": Отау құрғандарына 27 жыл толған Жазира мен Жанболат көпшілікті таңғалдырды
Отандық жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың отау құрғанына 27 жыл толыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Танысқанымызға 29 жыл, отау құрғанымызға 27 жыл болғанына қарап, бізді кәрі деп ойлап қалмаңыздар. Бұл жәй ғана сандар ғой”, – деп жазды Жазира Байырбекова.
Өз жасынан әлдеқайда жас көрінетін жұлдызды жұпқа қызыға қарайтындар көп. Жазбаның астында желі қолданушылары таңданасын жасыра алмады.
“Шынымен бе? Сіздер расымен адамсыздар ма?”, “Майысып тұрсың, әлі қыздайсың”, “Керемет, көз тимесін”, “Жап-жассыздар”, “Жас көрінесіздер”, – деп жарыса жазды желідегілер.
Айта кетейік, жұлдызды жұп бүгінде Қазыбек және Дара есімді ұл-қызды тәрбиелеп отыр. Бұған дейін Жазира Байырбекова өзіне дуа жасалғанын жасырмай айтқан болатын.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері
Әсел Қанай Әлем ойындарында "Жыл үздік спортшысы" атағын жеңіп алған
"Намысым "штраф стоянкада": Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні полицияның ту ұстап жүруге тыйым салғанына шағымданды
Айбар Олжаев: "Көлікке ту іліп, айыппұл алсаңыз, бір штрафыңызды мен төлеп беремін"