Қыздарға ұлдардың бөлмесі мен дәретхананы тазалатқан: Түркістанда оқу орнына сөгіс берілді

Түркістанда студент қыздарға ұлдардың бөлмесі мен дәретхананы тазалатқан оқу орнының басшылығына сөгіс берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Түркістандағы оқиғаға түсініктеме берді. Мұнда студент қыздарды жігіттердің бөлмесін жинауға және дәретхананы тазалауға мәжбүрлеген.
Министрлікте хабарлағандай, білім басқармасы жұмысшы комиссия құрып, жатақханаға барып тексеру жүргізген. Барлық жағдайды анықтаған.
"Қазақстан заңдары бойынша кәмелетке толмаған оқушыларды мәжбүрлеп жұмыс істету немесе оларға қысым жасау мүмкін емес. Бұл – баланың құқықтарын бұзу және балалар еңбегін пайдалануына тыйым салу болып табылады. Тексеру нәтижесінде жауапты адамдарға сөгіс берілді. Студенттер мен ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізілуде", – деп хабарлады комитет.
-
"Өлі жандар" арқылы 583 млн теңге жымқырған: Түркістан облысында бір топ шенеунікке сот үкімі шықты
-
Түркістан облысында әйелін жындыханаға скотчпен байлап апарған ер адам 9 жылға сотталды
Еске салсақ, бұған дейін Түркістанда студенттерді ұлдардың бөлмесі мен дәретханасын жинауға мәжбүрлегені туралы хабарлаған едік.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?