Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздар "бізді де таныстыршы" деп жалынды: Отасқанына 25 жыл болған Қарақат Әбілдина жолдасымен қалай танысқанын айтты

Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың қол ұстасқанына 25 жыл. Әнші жолдасымен қалай танысқанын тағы бір еске түсіріп, жылы естеліктерін шолып өтті. Өзінен кейін іні-сіңлілеріне өз жолын берсін деп тілек айтты. 

Қыдырәлі Қарақат

Әнші бұған дейін де Болмановпен қалай танысқанын бірнеше рет баяндап берген еді. Отау құрғанына 25 жыл толуына орай әнші қызықты сәттерді тағы бір еске алды. 

“Кеше, желтоқсанның 1-і, Қыдекем екеуміздің танысқанымызға 25 жыл болыпты. Мені алғаш көрген күні кешкісін жатақханаға іздеп келген жігіт қой. Жатақханадағы қыз біткен бәрі шулап, АБК-дағы Болманов келіп тұр деп. Мен 18-ге жаңа толған үлбіреп тұрған бойжеткен. Алматы. Аппақ, жапалақтап қар жауып тұрды. Үлкен тойда таныстық. Менің әнімді тыңдады, даусымды ұнатқан. Өзі айтады ғой “әнің деген жүрегіме керемет әсер етті. Сосын тоқпақтай бұрымың, қазақы болмысың. Жер бетінде хор қызы бар болса, осы екен” дедім дейді. Қайта-қайта көзіміз түйісіп қалып, мен қарайын десем, қарай алмай. Оны айтсаң, бұл заманның жастарына бір ертегідей ғой. Оқырман ішіндегі үлкендері ұқпаса”, – деп жазды әнші. 

Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың отау құрғанына 25 жыл толды. Әнші 1 желтоқсан күні отбасы үшін маңызды күн екенін айтып қуанышын бөлісті. 

“Темірді қызғанында ұр деген жігіт болып тұр ғой, сол күні іздеп келгенін қараңыз. Мен деген сол тойдан әкелген пакет-пакет сарқытымды жайып, бөлмедегі қыздармен шай ішіп, АБК-ны, Қыдырәлі Болмановты көрдім деп, берген фотосы бар визиткасын көрсетсем “жерден тауып алған шығарсың” деп олар сенбейді.

Сол кезде коридордан Қарақат деген дауыс естілді. Сыртқа шықсам жоғары курста оқитын қыздар еке. “Ты что ли Қарақат. Подойди” - десін. “ Кто тебе будет Қыдырәлі Болманов? “ Шошып кеттім әңгімемді тыңдап қойды ма деп. Сасқаннан “брат” деппін. “Сені астында ағаң күтіп тұр. Бізді таныстыршы” деді”, – дейді әнші. 

Әнші бұл сәтте 18 жасында кездейсоқ танысқан жігіт ағасының жары атанып, бір отбасының салиқалы анасына айналам деп ойламаса керек. 

“Сенер-сенбесімді білмей үстімдегі халатпен астына түстім.
Қатал комендант апайымыздың жібектей сызылып тұрған түрін көріп одан бетер есім шықты. Қыдекең майлап қойған-ау. Әр жағында шашын екі жаққа қайырып Жұлдыз ағам тұр. Ой, сол сәттегі жүрегімнің дүрсілі-ай. Естеліктер шашырап. Ойым жан-жаққа кетіп.

Кейін бір тарқатып жазармын. Кітабыма да түсірермін, уақыт көрсетер. Жазайын-ақ деймін де, оны ел керек етер ме екен деп барып бір тоқтаймын”, – дейді әнші. 

Қарақат ханым жан жолдасымен екінші мәрте жатақханада кездесіп, бүкіл қыздың арманына айналған жігіттің жүрегін бір-ақ күнде жаулап алғанын айтады. Ал бастапқыда аға-қарындас болып жүрген жұп кейін қол ұстасып, отбасын құрған. Енді 25 жыл толғанын айтып, көпшілікпен қуанышын бөлісті.

“Ал сонымен, құтты болсын біздің 25 жылымыз. Осылай сыйлы, құрметті болып, балалардың ортасында өсіп-өніп, улап-шулап, деніміз сау болып жүре берейік, Азаматым. Өзіңе сеніп, соңыңнан ергеніме осыншама ғұмырымда бір өкінген емеспін. Жақсы көрем. Ал біздің жолымызды кейінгі іні-сіңлі, бауырларымызға берсін”, –деп жазды Қарақат Әбілдина. 


Талқылау