Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыз сияқты": Дина Төреәлі екінші сәбиін күтіп жүргенін жариялады

Белгілі блогер Дина Төреәлі екінші рет жүкті екенін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/

Өнер иесі ұлының 1 жасқа толуын атап өтіп, жақсы жаңалығын бөлісті. 

“Ерманби 1 жас. Алланың бергеніне, осы күнге жеткізіп көруді нәсіп еткеніне сансыз шүкірлер мен мадақтар! Бүгін оригинал Ерманби баламыз 1 жасқа толып жатыр. Саған деген махаббатым барлық тілегім менің аналық жүрегімде, менің дұғаларымда құлыным. Қуанышпен бөліссе көбейеді демекші, бізге шын тілектес, ниеттес жандар сіздерге де жұғысты болсын! Суретті соңына дейін көріп шыққан болсаңыз жәй ғана МашаАлла деп кетіңіз", – деп жазды блогер. 



Желі жұлдызының оқырмандары түрлі пікір білдіріп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр. 

“Қандай керемет әйел”, “Қыз сияқты”, “Өзіңіз секілді  сұлуды дүниеге әкеліңіз”, “Туған күндеріңіз құтты болсын!”, “Фаризаға да жұғысты болсын”, “Бөпеңізбен қауышатын күн жақын сияқты”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық,  Дина Төреәлі орынсыз сұрақ қойған оқырманына ренжіп қалған еді. 

 

Талқылау