Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыз болғанша тоқтамаймыз": Тәуекел Мүсілім Лос-Анджелесте гендер пати өткізді

Танымал актер Тәуекел Мүсілім Лос-Анджелесте отбасымен бірге гендер пати өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/mahonti__/

Өнер иесі отбасын алып, АҚШ-қа аттанған еді. Жақсы жаңалықты әйелі Махаббат жариялады. 

“Аллаға сансыз шүкірлік болсын! Үш бар жерде күш бар. Біздің үшінші бөпеміз де батыр болады. Алақай!”, – деп жазды блогер келіншек. 



Отандық киножұлдыз да құттықтап жатқан жандарға алғыс білдіріп, қызды болғысы келгенін де жасырмады. 

“Қыз болмағанша тоқтамаймыз! Әрине, қалжың ғой. Сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз”, – деп әзілдеді актер. 

Еске салайық, Тәуекел Мүсілім әскердегі әлімжеттікке қатысты ойын бөлісіп, ұлдарын әскерге жібермейтінін айтқан еді. 

 

Талқылау