Қытайлықтар адам өмірін 120 жасқа дейін ұзартатын дәрі әзірлеп жатыр

Фото: The New York Times
Шэньчжэнь қаласындағы Lonvi Biosciences атты қытайлық стартап компаниясы адамның өмірін 120 жасқа дейін көмектесетін дәрі жасап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Lonvi Biosciences жүзім дәндерінің сығындысында кездесетін қосындылар негізінде қартаюға қарсы таблеткаларды жасап жатыр.
“Біз ерекше молекуланы бөліп алдық, ол қартая бастаған, бірақ әлі де тірі, сау тіндерге зиян келтіретін жасушаларды жоя алады”, – деп мәлімдеді компания.
Жүзім дәндері батыс мәдениетінде ғана емес, дәстүрлі қытай медицинасында бұрыннан пайдалы өнім ретінде саналады. Басылым мәліметі бойынша, Lonvi Biosciences құрамында белсенді молекулалары жоғары концентрацияда болатын капсулалар шығару технологиясын әзірлеген.
“Салауатты өмір салтын және сапалы медициналық қызметін ұштастырған жағдайда дәрілік препарат адамдарға 100-120 жасқа дейін өмір сүруге көмектеседі”, – деп мәлімдеді компания.