Қытайлық Vero Cell вакцинасы Алматыға жеткізілді
Қытайлық Vero Cell вакцинасы Алматы емханаларына жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарлады.
14 тамызда Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілген. Осы аптада қосымша 35 мың доза жеткізіледі деп күтілуде.
"Vero Cell вакцинасы қалалық емханаларға жеткізілді. Қосымша ақпаратты телемедицина орталығынан мына телефондар бойынша алуға болады: 3000 505, 1312. Осы аптада Алматыдағы барлық емханалар Vero Cell вакцинасымен қамтамасыз етіледі", – деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда Sinopharm компаниясынан миллион доза көлемінде қытайлық Vero Cell вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілгені хабарланды. Жалпы Қазақстан бұл вакцинаның төрт миллион дозасын сатып алды.
Қытайдың Vero Cell вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы жылдың 7 мамырында мақұлдаған. Вакцина инактивті, екі доза. Жарамдылық мерзімі 24 ай.
Бұл ДДСҰ қауіпсіз және тиімді деп жіктеген және 45 елдегі ересектерге вакцинациялауға рұқсат берген бірінші қытайлық дәрі. Бүгінгі таңда вакцинаны Қытайдан басқа БАӘ мен Сербияда өндіруге рұқсат етілген. Сонымен бірге Қытай мен БАӘ қытайлық Sinopharm фармацевтикалық компаниясының үш жастан 17 жасқа дейінгі балаларға инактивацияланған вакцинаны шұғыл түрде қолдануға рұқсат берді.