Қытайлық компания Ақтөбе облысында 150 миллион долларлық ферроқорытпа зауытын салмақ

Ақтөбе облысында қытайлық инвестордың қатысуымен құны 150 миллион доллар болатын ферроқорытпа зауыты салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, Шанхай қаласына сапар барысында Ақтөбе облысының делегациясы облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтің бастауымен бірқатар қытайлық компаниямен келіссөздер жүргізген.
Жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша Suzhou Hunan New Materials компаниясымен Ақтөбе облысында құны 150 миллион доллардан асатын ферроқорытпа зауытын салу жөніндегі рамалық келісімге қол қойылған.
БҚО-да қытайлықтар киік етін қайта өңдейтін зауыт салып жатыр
Сондай-ақ сапар барысында делегация Sumec компаниялар тобы, индустриялық парктердің девелопері Liando және аумақтарды кешенді дамыту мен заманауи қала құрылысы шешімдерін енгізуге маманданған халықаралық жобалау-консалтингтік urbanDATA компаниясымен кездесулер өткізген.
Еске салсақ, бұған дейін алюминий қаптама өндіретін қытайлық компания Қазақстанда зауыт салатыны туралы жазған едік.