Қытайлық ғалымдар жеуге ыңғайлы болу үшін сүйексіз балық ойлап тапты

Қытайлық ғалымдар ет арасындағы жіңішке сүйектері мүлде жоқ жаңа тұқы (карп) балығының тұқымын ойлап шығарды. Ғалымдар бұл балық түрін тағамда ыңғайлы болуы үшін ойлап тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұқы балығынан жасалатын тағам Қытайда мен басқа да бірқатар елде танымал. Алайда ұсақ сүйектердің көп болуы оны жеуді жиі қиындатады. South China Morning Post дерегінше, дәл осы ерекшелік кей тұтынушылар үшін балықты тартымсыз етеді.
"Мамандар жіңішке сүйектердің өсуіне жауап беретін генді басу үшін гендік инженерия әдістерін қолданды. Соның нәтижесінде балықтағы бұлшықетаралық сүйектер жойылды. Ал қаңқаның өмірлік маңызы бар бөліктері сақталды", — деді ғалым Гуй Цзяньфан.
-
Қытайлық миллиардер суррогат аналар арқылы 100 баланың әкесі атанды
-
15 жастағы жасөспірім екінші докторлық дәрежесін алып, үшіншісіне дайындалып жатыр
Репортажда модификацияланған тұқыда омыртқа мен қабырғалардың бар екені нақтыланады. Зерттеушінің айтуынша, дәл осы сүйектерді алып тастау балықтың өмір сүруін мүмкін емес етер еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді