Қытайлық BYD компаниясының табысы төрт жылда алғаш рет төмендеді

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдағы ірі автокөлік және электротехника шығаратын BYD компаниясының таза табысы шамамен 20%-ға төмендеп, 32,6 миллиард юаньға, шамамен 2,67 триллион теңгеге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Financial Times мәліметінше, бұл көрсеткіш төрт жыл ішінде алғаш рет төмендеген. Оған Қытайдағы электр көліктер нарығында баға бәсекесінің күшеюі себеп болған.
Сондай-ақ компания табысы 2025 жылдың соңғы тоқсанындағы әлсіз көрсеткіштерге байланысты азайған. Соңғы үш айда таза табыс 38%-ға азайып, 9,53 млрд юаньға, яғни шамамен 781,5 миллиард теңгеге жетті. BYD компаниясындағы электр көліктерінің сатылымы алты ай бойы тұрақты түрде төмендеп келеді. Себебі Қытайдағы жергілікті өндірушілер арасындағы бәсеке күшейіп, кейбір мемлекеттік субсидиялар аяқталды.
BYD компаниясының Қытайдағы электр көліктер нарығындағы үлесі, қосылатын гибридтерді қоса алғанда, жылдың алғашқы екі айында шамамен 17%-ға дейін төмендеді, ал былтыр бұл көрсеткіш 27% болған. Шанхайдағы Automobility консалтингтік компаниясының деректерінше, Geely, Huawei, SAIC Motor және Xiaomi сияқты жергілікті бәсекелестердің позициясының өскендіктен компанияның нарықтағы үлесі төмендеген.
Компанияның жылдық кірісі шамамен 804 млрд юань, яғни шамамен 65,9 триллион теңге болды. Бұл аналитиктер күткен көрсеткішінен төмен және тек 2024 жылғы деңгейден 3,5%-ға ғана жоғары. Былтыр компания 4,6 миллион автокөлік сатты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10 есе көп.
Компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Ван Чуаньфу Қытайдағы электр көліктер нарығындағы бәсекенің “кернеудің шегіне жеткенін” және “ сұмдық бәсеке кезеңіне” өткенін айтып, бұл соғыстың әлі де жалғасып жатқанын меңзеді.
Сонымен қатар компания операциялық ақша ағымының 50%-дан астам төмендегенін және қарыздардың төрт есе өскенін айтты. Дегенмен BYD компаниясы инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін жеткілікті деңгейде өтімділік бар екенін атап өтті.
Шетелден түскен табыс жыл сайын 40%-ға өсті. Сарапшы Лейла Хаваджа BYD компаниясы халықаралық нарықта тұрақты пайда таба ала ма деген мәселенің маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, компанияның ірі болуы, өндірістің бір жүйеде болуы және зерттеуге салынған инвестициялар мықты негіз береді деп санайды. Дегенмен BYD басқа қытайлық компаниялар тарапынан болатын бәсеке және сауда шектеулері сияқты кедергілерден құтыла алмай келеді.
Компанияның акциялары бұған дейін зарядтау технологиясы мен автономды жүргізу саласындағы жетістіктерге байланысты рекордтық максимумға жеткен еді. Ирандағы қақтығыс күшейгеннен кейін акциялар бағасы өсті, себебі инвесторлар таза энергияға сұраныстың ұзақ мерзімді өсуін күтті. Сондай-ақ BYD компаниясы – әлемдегі ірі аккумулятор өндірушілерінің бірі. Қытайдағы акциялары өткен жылғы мамырға қарағанда 22% төмен болса да, соңғы уақытта 17,5% өскен.
BYD басшылығы бұрын жылдық сатылымды 10 миллион автокөлікке дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген, оның шамамен жартысы шетел нарығына тиесілі. Халықаралық нарықтағы үлесін кеңейту аясында компания автокөліктерді тасымалдау үшін 8 кеме тапсырыс берді және Бразилия, Венгрия, Индонезия, Таиланд, Түркия мен Өзбекстандағы өндіріс қуатын дамытып жатыр.
Компания Қазақстан нарығында белсенді жұмыс істейді. Бренд дистрибьюторы – Astana Motors, ал онымен келісім бұрыннан жасалған. 2025 жылы компания сату мен дилерлік желіні іске қосты: Алматы мен Астанада ресми орталықтар ашылды, соның ішінде BYD Al-Farabi, BYD Turan, BYD Kuldzhinka және BYD Mycar Astana бар.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді