Қытайлық блогер Алматыны әлемге танытып, 2,8 миллион аудитория қазақ мәдениетін тамашалады

Танымал қытайлық блогер Tao Tao Алматыға сапары барысында ұлттық ат мәдениеті, таулы табиғат пен гастрономиялық орындарды 2,8 миллионнан астам жазылушысына көрсетті. Оның контенті қала туризмін халықаралық деңгейде насихаттауға жаңа серпін берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласына танымал қытайлық блогер Tao Tao келіп, мегаполистің туристік әлеуеті мен ұлттық мәдениетін өз аудиториясына кеңінен насихаттады.
Блогердің сапары 16-17 наурыз күндері Almaty Tourism Bureau қолдауымен өтті. Сапар барысында Tao Tao қаланың көрікті жерлерін аралап, этномәдени ерекшеліктерімен танысты.
Бағдарлама аясында блогер "Qazaq Riders" этнокешеніне барып, қазақтың ұлттық киімін киіп, атқа міну секілді дәстүрлі мәдени элементтерді көрсетті. Сонымен қатар, ол "Yurta" және "Pekin Duck" мейрамханаларына барып, Алматының алуан түрлі гастрономиялық мәдениетімен танысты.
Алматыда болған уақытында Tao Tao әлеуметтік желілерде белсенді контент жариялап, таулы табиғат пен қаланың мәдени әртүрлілігін 2,8 миллионнан астам оқырманына көрсетті. Жылқы, этномәдениет және lifestyle тақырыптарына бағытталған блогердің жазбалары әдеттегідей миллиондаған қаралым жинайды.
Әкімдік мәліметінше, мұндай сапарлар Алматының Қытай туристері үшін тартымды бағыт ретіндегі позициясын нығайта түседі. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында қалаға Қытайдан 102,1 мың турист келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,2%-ға көп.
Айта кетейік, Tao Tao бұған дейін Маңғыстау өңірінде болып, Бозжыра, Боқты тауы, Торыш алқабы сияқты көрікті жерлерді көрсеткен бейнероликтер түсірген. Ол қазақтың ұлттық киімін киіп, бүркіт ұстап, тазы итпен серуендеп, Каспий жағалауында атпен шабандоздық өнерін де паш еткен.
2025 жылы Tao Tao-ға "Қазақстан туризмінің елшісі" мәртебесі берілген. Ол бұған дейін Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Алматы облысының бірқатар туристік орындарын аралап үлгерген.
- Қазақстандық туристік компанияларға Таяу Шығыс елдеріне тур сатпау ұсынылды
-
Мемлекет Алматыдағы тау курорттарын біріктіруге 172 миллиард теңге жұмсамақ
Еске салайық, бұған дейін Алматының символына айналған апорт алмасын шетелге шығару жұмыстары басталғанын жазған едік. QazTrade пен апорт өндірушілері меморандумға қол қойып, өнімді халықаралық нарыққа ілгерілетуді көздеп отыр. Германиядағы Grüne Woche көрмесінде қазақстандық алмаларға қызығушылық жоғары болған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған