Ұшақ қысқа және орта қашықтыққа арналған тапсырмаларды орындауға арналған, оның ішінде жолаушылар тасымалы, логистика және шұғыл құтқару операциялары бар.
Қытайлық жүк таситын электрлі eVTOL ұшағы қалалар арасында ұшып, сынақтан өтіп жатыр

Фото: Видеодан скрин
Қытайда жасалған екі тонналық электрлік eVTOL ұшағы елдің оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясының екі қаласы арасында төмен биіктікте жүк тасымалдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еeuronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Guiyang Low-Altitude Industry Development Company компаниясы пайдаланатын бұл аппарат 40 минут ішінде 118 километр қашықтықты жүріп өтіп, жедел медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмектер мен жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдады.
Сынақтың мақсаты – таулы өңірде төмен биіктікте ұшатын ұшақтар арқылы тұрақты жүк тасымалы жолдарын дамыту және жүк жеткізуді жеңілдету.
Ұшаққа ұшу-қону жолағы қажет емес және ол көміртекті шығарындылар шығармайды. Толығымен электр энергиясымен жұмыс істейтін бұл ұшақ тік көтеріліп-қона алады, яғни тікұшақ сияқты ұшып, қонады. Сонымен қатар әуе кемесі қатты дыбыс шығармайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген