Қытайдағы қандасымыз Тайлақ Нұражы тәжірибелі бразилиялық спортшымен жекпе-жегі алдында ауруханаға түсіп қалды
Қытайдың қазағы Тайлақ Нұражы Қытайдың Макао қаласында өткізетін жекпе-жегінің алдында ауруханаға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Naiza
Этникалық қазақ Тайлақ Нұражы кезекті жекпе-жегін Қытайдың Макао қаласында өтетін Happy elephant тұжырымында өткізуі керек еді. Бірақ спортшы салмақ қуу барысында денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалған. Спортшының денсаулығына байланысты ертеңгі бразилиялық Аллиссон Барбосаға (21-10) қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл жекпе-жек қандасымыз үшін аса маңызды, әрі жауапкершілігі мол еді. Өйткені бразилиялық жауынгер бұған дейін Тайлақтың 3 бірдей жерлес ағаларын жеңіп кеткен. Одан бөлек, UFC тұжырымына да өту мүмкіндігі осы кездесуге байланысты еді.
Айта кетейік, Тайлақ Нұражы соңғы жекпе-жегін Shui Combat-1 турнирінде өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен еді.
Талқылау