Қытайда жағдай ушығып тұр: Жапония өз азаматтарына қауіпсіздік ескертуін жасады
Фото: AFP via Getty Images
Жапония мен Қытай арасындағы дипломатиялық шиеленіс жаңа деңгейге көтерілді: Тайваньға қатысты мәлімдемеден кейін екі ел бір-бірінің азаматтарына қауіпсіздік бойынша ескерту жасап, жағдайды ушықтыра түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жапония жаңа премьер-министр Санаэ Такаити Қытайдың Тайваньға шабуыл жасайтын жағдайы туындаса, Токио әскери жауап беруі мүмкін екенін айтқаннан кейін Қытаймен арадағы дипломатиялық жанжал ушыға түсті. Бұл мәлімдеме соңғы жылдардағы ең күрделі дипломатиялық дауға айналды.
Жағдайды тыныштандыру әрекеттері әзірге нәтиже бермеді: Пекин Такаитидің сөзін кері қайтаруды талап етті, алайда Токио бұдан бас тартты. Осыдан кейін Жапонияның Қытайдағы елшілігі өз азаматтарына қауіпсіздікке мұқият болып, халық көп жиналатын орындардан аулақ жүруді, жалғыз жүрмеуді және жергілікті тұрғындармен сақтықпен қарым-қатынас жасауды ұсынды.
Қытай да жауап ретінде өз азаматтарын уақытша Жапонияға бармауға шақырып, елде жүргендерге қауіпсіздік шараларын күшейтуге кеңес берді.
Қақтығыстың ушығуына Тайваньның Жапониядан небәрі 110 км қашықтықта орналасуы және маңызды сауда жолы саналуы себеп болып отыр. Қытай Тайваньды өз аумағы деп санайды және қажет болса күш қолдану арқылы "қайта біріктіруді" жоққа шығармайды. Бұл жағдай АҚШ-ты да тартуы мүмкін кең ауқымды қақтығыс қаупін күшейтеді.
Кремль Ресейдің Зеленскиймен Түркияда өтетін келіссөздерге қатысатынын жоққа шығарды
Бангладештің экс-премьер-министрі студенттерге қысым жасағаны үшін өлім жазасына кесілді
Еске салайық, бұған дейін батыс басылымдары Украинадағы соғыс жақын уақытта аяқталмайтынын жазды. Майдандағы жағдайды дрондар мен зымырандардың кең қолданылуы да түбегейлі өзгерте алмай отыр. Ресей өз мақсаттарынан бас тартпай, Украина аумақтарын аннексиялауды көздейді, ал Киев Мәскеудің шарттарына келіспейді. Қос тарап бір-бірінің инфрақұрылымына дронмен шабуылдарды күшейткенмен, шешуші басымдыққа жете алмай келеді.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр