Қытайда бала көтеруге және оны дүниеге әкелуге қабілетті роботтар әзірленуде
Фото: видеодан скриншот
Қытайда әлемдегі алғашқы "жүкті робот" әзірленуде. Оның пішіні адамға ұқсас келген және құрсақ қуысы жасанды жатырмен жабдықталған, ол ұрықты он ай бойы көтеріп жүруге және босану процесін имитациялауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Chosun Biz желілік басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Прототипті келесі жылы шығару жоспарланған, болжамды құны шамамен 100 мың юань (шамамен 7,5 миллион теңге) болады.
Әзірлеменің негізгі технологиясы – қағанақ сұйықтығы толтырылған жасанды жатыр. Оның ішіндегі ұрық қоректік заттарды арнайы түтіктер арқылы алады.
"Жасанды жатыр әзірлеу технологиясы кемелденген кезеңге жетті. Енді адам мен машинаның өзара әрекеттесуін имитациялап, ішінде ұрықтың өсуін қамтамасыз ету үшін оны роботпен интеграциялау маңызды", – дейді жоба жетекшісі доктор Чжан.
Қазіргі уақытта жасанды жатыр шала туылған нәрестелерді күтуге арналған инкубатор қызметін атқарады. Технология толыққанды жүктілікті қамтамасыз етуі үшін оны одан әрі жетілдіру қажет.
Аналық жасуша мен сперматозоид қалай ұрықтандырылып, жасанды жатырға қалай бекітілетіні әзірге белгісіз.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
