Қытайда әлеуметтік желілерде жағымсыз пікір жазып, шағымдануға тыйым салынды
Фото: unsplash.com
Қытайда 1 қазаннан бастап интернеттегі жағымсыз контенттің деңгейін төмендетуге бағытталған ауқымды науқан басталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қытайдың ұлттық киберкеңістік әкімшілігі екі айлық науқанның басталғанын жариялады. Науқан әлеуметтік желілерді, қысқа видеоплатформаларды мен тікелей эфирлерді қамтиды. Басқарманың мәлімдемесіне сәйкес, "қоғамдық шындықты бұрмалайтын, теріс оқиғаларды асыра көрсететін, нигилистік көзқарастарды тарататын" жарияланымдар, сондай-ақ ел арасында "үмітсіздік пен уайым тудыратын және басқаларды сол сезімдерге итермелейтін" жазбалар жойылып, бұғатталады. Науқанның мақсаты – "оң энергиясы бар онлайн-кеңістік құру" және әлеуметтік үрей қаупін азайту.
"Қасақана дау тудыратын провокациялардан, зорлық-зомбылық, агрессия және басқа да теріс эмоциялардың таралуынан арылу, интернет ортасын мәдениетті әрі ақылға қонымды ету мақсатында ел бойынша арнайы екі айлық науқан басталды", – делінген басқарманың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Науқан барысында әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан тақырыптар, сұраныс рейтингтері, ұсыныс тізімдері және пікірлер тексеріледі.
Қоғамдық қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар туралы жалған ақпараттар, мемлекеттік органдардың ресми мәлімдемелері бұрмаланған ақпараттар өшіріледі. Экономика мен қаржы, әлеуметтік әл-ауқат, мемлекеттік саясат және құпиялар туралы қауесеттер тарататын материалдар да жарияланбайды.
Сонымен қатар мәлімдемеде оқиға орнынан адамдардың қан-жоса болған кадрлары, жануарларға зорлық көрсетілген, өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейтін фотосуреттер мен видеолар, сондай-ақ осы секілді ЖИ арқылы жасалған бейнелер де жойылатыны айтылған.

“Қатардағы қызметкерді қорғап, куәлік еткенім үшін жұмыстан босатты”: Ақтөбелік келіншек әскери горнизондағы әділетсіздікке шағымданды
