"Кальмар ойыны" сияқты: Алаяқтар жеңу мүмкін емес челлендж ойлап тауып, адамдарды алдап соққан
Қытайда "Кальмар" ойыны пайда болды. Бірақ мұнда алаяқтар қаржылық қиындыққа тап болған адамдарды алдап соғыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайда шыққан “Кальмар” ойыны кореялық танымал сериалға ұқсас болғанымен, мұнда жеңілген ойыншылар өлмейді.
Қатысушыларға 1 миллион юаньға (70 миллион теңге) дейін ұтыс жариялаған. Ойынға қатысу үшін жарна төлеу керек. Кейін олар алаяқтықтың құрбаны болғаны анықталды. Оларға қарызы кешірілгені туралы өтірік қағаз берілген болып шықты.
Алаяқтар өзін-өзі тәртіпке салу челленджін ойлап тауып, оны Douyin әлеуметтік желісінде жарнамалаған. Ойынның ережелері бойынша, қатысушылар бірнеше күн бойы оқшауланып, камералардың алдында көптеген қатаң ережелерді орындауы керек. Мысалы, шылым шегуге, тек 15 минуттан аспайтын уақытқа дәретханаға шығуға және оятқышты күніне екі реттен көп ұстауға тыйым салынады.
Қытайық Сун темекі шегу, электронды құрылғыларды пайдалану, алкогольді ішу және үйден тыс жерде кез келген адаммен байланысқа тыйым салатын ережелері бар 30 күндік ойыннан 250 000 юань ұтып алуға тырысты. Алайда ұйымдастырушылар жарыстың үшінші күні Сунның бетін жастықпен жауып, ережені бұзғанын айтты. Яғни тағы бір ереже – ойыншылардың бетін жабуға тыйым салу екен.
Қазанда шығыстағы Шаньдун провинциясының соты ойын ұйымдастырушысына келісімшартты әділетсіз жасады және "қоғамдық тәртіп пен моральді бұзды" деп Сун есімді ойыншыға кіру жарнасы ретінде 5400 юаньді (381 700 теңге) қайтаруға міндеттеді.
Әлеуметтік желілерде бұл челлендждің танымал болуын экономикалық жағдайдың нашарлауымен байланыстырады. Адамдар көп ақша табудың барлық тәсілдерін байқап көруге тырысуда.
Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяның "Кальмар ойыны" сериалында қаржылық қиыншылықтарға тап болған адамдар өмір сүру үшін жасырын ойынға тартылады. Ойынның жеңімпазы үлкен ақшалай сыйлықты ұтып алып, барлық проблемаларын шеше алады. Қараша айының соңында Netflix платформасында шоуның күткен екінші маусымы шықты.